Фото: видеокадр Алматы ТЖД
«Үш бөлмелі пәтердің балконы, ас үйі өртенген. Тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Температураның жоғары болуына байланысты олар сыртқы есіктен шыға алмады. Куәгерлердің айтуынша, олар тіпті балконнан секіруді де ойлаған. Медициналық тексеруден кейін құтқарылған жұп үйіне жіберілді», деп мәлімдеді Алматы ТЖД.
Өрт сөндірушілер пәтер иелері – 57 жастағы ер адам мен оның 55 жастағы әйелін құтқарған және көршілес пәтерден алты адамды эвакуациялаған.