Оқиға • 25 Шілде, 2024

Павлодарда 1,3 млн теңге көлемінде пара алған ТЖМ қызметкері сотталды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы бойынша ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 1,3 млн теңге көлемінде пара алған ТЖМ қызметкері сотталды

Фото: Ашық дереккөз

17 маусымда Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды», делінген хабарламада.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынышты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға тиіс. Осыған байланысты Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.