Фото: Мадина Әлімханова
«Шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелеріне қатысты кезекті іс талқыға салынды. Бұл істе Қазақстан азаматы 2003 жылы өлім жазасына кесілген еді. Алайда оған Президент жарлығымен рақымшылық жасалды. Дәлірек айтқанда, сотталушының өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Осы тұста, сотталушы өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған», деп түсіндірді Роман Подопригора.
Судьяның айтуынша, өмір бойына сотталған азаматтар шартты түрде мезімінен бұрын босатылуы мүмкін. Алайда ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған сотталушыларға мұндай мүмкіндік берілмеген.