Спорт • 27 Шілде, 2024

Нысана көздеу: Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі - қоржында

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Нысана көздеу: Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі - қоржында

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

«Сүйінші, ардақты ағайын! Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті. Жарыстың алғашқы күнінде мергендеріміз — Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдегері атанды! Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Мергендеріміз қола жүлде үшін таласта Германия өкілдерін айналып өтті. Олардың жеңісті жолы басқа отандастарымызға да жұғысты болсын! Мергендеріміз алдағы уақытта да жанкүйер қауымды қуантады деп сенемін. Өйткені олардың мүмкіндігі жоғары. Бұл жетістік аталған спорт түрінің бізде елде қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын көрінісі. Мергендеріміз мүлт кетпесін! Тілектеспіз! »— деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.