Саясат • 30 Шілде, 2024

Экономиканы жақсартуға бағытталған бастамалар

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің негізгі мәселелері және оларды іске асыру жолдарын талқылауға арналған кездесу болды. Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов пен Нурия Ниязова, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, әкімдік өкілдері, жұртшылық және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.

Экономиканы жақсартуға бағытталған бастамалар

фото: senate.parlam.kz/

Шара жаңа заңнамалық бастамалар бойынша жан-жақты талдау мен пікір алма­су­ға арналды. Талқылау ая­сын­да таныстырылымдар болып,  пікірталастар өрістеді. Олардың барысында проблемаларды жария етуге және олардың шешімдерін ұсынуға мүмкіндік берілді.

Сенатор Нурия Ниязова барлық мүдделі тараптардың проблемаларды ойдағыдай шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті және жаңа кодекстерді іске асыру кәсіпкерлік қызмет пен инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді.

«Жаңа Салық және Бюд­жет кодекстері еліміздегі эконо­микалық жағдайды жақ­сар­туға бағытталған. Біз олар­ды тиімді енгізуге тиіспіз және кейіннен бақылау үшін күш біріктіруіміз керек. Жаңа құжаттар Қазақстанда орнық­ты өсу мен тұрақтылық үшін негіз болады деп күтілуде», деді сенатор Н.Ниязова.

Кездесу қорытындысы бойынша жаңа Салық және Бюджет кодекстерін енгізу және іске асыруға бағыттал­ған ұсынымдар мен бұдан бы­лайғы іс-қимыл жоспары әзірленді. Сенаторлар мем­лекеттік органдар, бизнес және жұртшылық арасын­да­ғы диалог пен өзара іс-қи­мыл­ды жалғастырудың маңыз­дылығын атап өтті.