Оқиға • 02 Тамыз, 2024

Пхукеттен елге есірткі тасымалдағандар әуежайда ұсталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел азаматтары Пхукеттен есірткі әкеліп, Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пхукеттен елге есірткі тасымалдағандар әуежайда ұсталды

Фото: gov.kz

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Пхукет-Алматы бағытындағы рейс қонған бойда әуежайда желілік полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі тасымалдаған Алматы және Көкшетау қалаларының 26 ​​жастағы тұрғындарын ұстаған.

«Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік ит жолаушылардан есірткі заттарының иісін анықтады. Тексеру барысында олардан «гашиш», «кептірілген марихуана»  және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өз әрекеттерінің заңсыздығын түсінген. Олар Таиландта демалып жүргенде есірткі заттарын сатып алып, жеке тұтыну үшін сөмкеде сақтаған», деп хабарлады Көліктегі ПД-нің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Көкшетау қаласының тұрғынын 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, ал Алматы қаласының тұрғынына 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.