Фото: Астана әкімдігі
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қабырғадағы суретте бейнеленген қазақ отбасы дәстүр, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын бейнейлейді.
Айта кетейік, мұралдың ең негізгі элементі шаңырақ – киіз үйдің жоғарғы бөлігі, ата-баба ошағы мен баспанасын бейнелейді. Сонымен қатар шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасылық тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.