«Жылжымалы кітапхана» жобасының мақсаты – кітапханадан тыс оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандарға саралап қызмет көрсетуге арналған олардың сұраныстарын қанағаттандыру және кітапхана қызметтері мен кітапты пайдалану арқылы халықты тарту.
Жылжымалы кітапхана аудан тұрғындарымен, мекемелерімен, қариялармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Кітапханашылар әр он күн сайын қордағы кітаптарды апарып, алмастырып отырады. Қазіргі уақытта көркем әдебиеттер оқырмандардың сұранысына ие болып табылады және әр үй отбасымен оқиды. Кітапханашылар мекемелерге «кітапханадан не алып оқуға болады?» деген ұсыныстарымен, әдебиеттер шолуымен және әрине, кітаппен барады.
Жылжымалы кітапхана жұмысының жоспарында әдебиеттерді мекемелерге апару, іс-шараларды ұйымдастыру, мерзімді басылымдармен таныстыру, оқырмандардың тапсырыстары бойынша жұмыстар бар. Абонемент кітапханашылары кітап барынша оқырманға жақын болу үшін қамқорлық етеді, сондай-ақ оқырмандардың сұранысына қажетті әдебиеттерді жинақтайды. Осындай қызмет түріне ауданымыздағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Бөрлі аудандық ауруханасының емханасы», «Нұрдәулет» бизнес орталығы және тағы да басқа орталықтардың қызметкерлері қол жеткізді. Көпшіліктің кітапқа деген ынтасы зор екені байқалады. Өйткені көптеген кітапты сол жерден өз аттарына жаздырып, үйіне оқуға алады. Иә, шындығында күнделікті тіршілікте жұмыстан қолы тие бермейтін, кітап оқуға ынтасы болса да, кітапханаға келуге мүмкіндігі жоқ көпшілік үшін кітапхана қызметкерлері жылжымалы кітапхана жобасының жұмысы бағытында алдағы уақытта да барлық мекемеге ұйымдастыруды қолға алып отыр.
Жанар Ниярова,
Кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскері
Батыс Қазақстан облысы