Спорт • 07 Тамыз, 2024

Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлде алуымен құттықтады

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Назым Қызайбайды 2024 жылы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлде алуымен құттықтады

Фото: olympic.kz

«Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын! Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», деді Геннадий Головкин

Еске салайық, Назым Қызайбай 50 келі салмақта жартылай финалда қытайлық Ву Юға есе жіберіп, қола жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше