19 Маусым, 2010

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ – МЕМЛЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ

740 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Жаңа онжылдық – жаңа эко­но­микалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жол­дауында медицина қызметкер­лері­не  жүктеген міндеттерді басшы­лық­қа ала отырып, мемлекеттік санитар­лық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті 2006-2010 жыл­дарға арнал­ған Қазақстан Рес­пуб­ликасының денсаулық сақтау сала­сын реформа­лау және дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасында көзделген шара­ларды толығымен орындап, елімізде санитарлық-эпидемиология­лық хал-ахуалдың тұрақты болғанын, еліміз­ге алыс-жақын мемлекеттер­ден түрлі қауіп­ті, жұқпалы аурулардың өтіп кет­пеуіне және оның халық арасында таралмауына үлкен күш-жігермен қызмет жасауда. Бұл орайда еліміздің санитар­лық-эпидемиологиялық қызметіне Үкімет тарапынан жан-жақты көмек көр­сетіліп келеді. Сондай-ақ әкімдер­мен, Қазақстанның “Атаме­кен одағы” ұлттық экономикалық па­ла­тасы және үкіметтік емес ұйым­дармен бірлесе отырып, халықтың санитарлық-эпидемио­логиялық хал-ахуалын жақсарту барысында игі істер жүзеге асуда. Елімізде Қазақстан Республи­касының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасын іске асыру аяқталып келеді десем, осы кезең ішінде айталық, алғаш рет ден­сау­­лық сақтау саласындағы бірың­ғай негізін қалаушы нормативтік құжат – “Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы” Қа­зақ­стан Республикасының Кодексі қабылданды. Санитарлық-эпидемиология­лық қызмет органдары мен ұйым­дарын басқарудың вертикальды моделі құрылды, ол жергілікті ат­қару­шы органдармен бірлесіп, халық­тың санитарлық-эпиде­миологиялық саламаттылығын қам­­тамасыз етуге бағытталған шешім­дерді жедел қабылдауды қамтама­сыз етуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде рес­пуб­ликаның сани­тар­лық-эпиде­миологиялық қызметі құрылымын­да 220 аумақ­тық мем­лекеттік санитарлық-эпидемио­ло­гиялық қадағалау ор­гандары, 237 санитар­лық-эпи­демиологиялық қызмет ұйым­­­дары және 2 ғылыми орталық бар. Қазақстан Республикасында ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әре­кет жөніндегі 2006-2010 жылдарға ар­нал­ған салалық бағдарлама, сон­дай-ақ халықтың санитарлық-эпиде­миологиялық саламат­ты­лығы сала­сындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі енгізілді, ол шағын және орта биз­нес объектілерін тексеру жиілігін қысқартуға мүм­кіндік берді. Шекараны санитарлық қор­ғау жүйесі ұйымдастырылды және ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республика­сы­ның мем­ле­кеттік шекарасы арқы­лы өткізу пункттерінде елдің аумағына аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан сақтауды қамтамасыз ететін 77 санитарлық-каран­тиндік пункт ашылып, бүгінде жұмыс істеп тұрғанын да айта кетсем деймін. 2009 жылы 8 392 877 адам са­ни­­тарлық-карантиндік бақылау­дан өткен болса, аса қауіпті ин­фек­цияларға күдікті 142 адам анық­талып, 552 834 жүк-көлік құрал­дары қаралды, 15 мың тонна жүкке тыйым салынды. Өздеріңіз білесіздер, уақтылы шара­лар қабылдағанның арқасын­да 2009 жылы пандемиялық тұмаумен сырқаттануға тосқауыл қойылды. Соның арқа­сында елде инфекцияның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Қазіргі кезде республикада халық­тың обамен, тырысқақпен, күйдіргімен, туляремиямен, сірес­пемен, полиомиелитпен, диф­терия­мен, қызылшамен, паратиф­пен сырқаттану жағдайы тіркел­меген. Ал 2009 жылғы осы кезең­мен са­лыс­тырғанда 16 нозо­логия бойын­ша төмендеу байқа­лады десем, бүгінде әлем елдерінде ин­­фек­циялық сыр­қаттанушылық жағдай шиеленіс­кен күйде қалып отыр. Соның ішінде Қазақстаннан туристер белсенді баратын елдерде де оба, күйдіргі, тырысқақ, безгек және басқа да аса қауіпті бактерия­лық және вирустық этиологиялық инфекциялар жағдай­лары тіркел­ген. Қазіргі кезде республиканың бар­лық өңірлерінде “Жол картасы” шеңберінде 89 санитарлық-эпи­демиологиялық қызмет орын­дары­на ағымдық және күрделі жөн­деу жүргізілсе, отандық және халық­аралық (АҚШ, Египет, Германия, Израиль, Ресей және т.б.) орталық­тар базасында кадрларды оқыту бойынша жұмыс жалғасуда. Біздің комитеттің және оған ве­домство­лық бағыныстағы сани­тар­лық-эпиде­миологиялық қыз­меттің ғылыми орталықтары мен ұйымдарының қызметінде халық­аралық ынтымақ­тастық та қар­қынды дамып отыр. ДДҰ CDC (АҚШ) БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Нор­вег қоғамдық денсаулық сақтау инсти­тутымен бірлесіп, пандемия­лық тұмау, ротавирустық инфек­цияны, био­логиялық қауіп­сіздікті эпиде­мио­логиялық және зертхана­лық қада­ғалау бағдарла­масын іске асыру және тамақ өнімі қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету мәсе­лелері бойын­ша белсенді ынты­мақтастық жал­ғасуда. Және ақпа­рат­тық қамтама­сыз ету қызметін дамытуға үлкен назар аударылады. Ресей, Қазақстан және Бела­русь Кеден одағы шеңберінде сани­та­р­лық-эпидемиологиялық салауат­­­тылық саласындағы бірың­ғай норма­тивтік-құқықтық базаны қалыптас­тыру және нормативтік құжаттарды үйлестіру бойынша жұмыс жүргізі­луде. Өткен жылы Кеден одағы аумағында өнімді санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай тәртібін реттейтін Кеден одағының сани­тарлық шаралар жөніндегі келі­сімі әзірленді және қабыл­данды. Қазіргі уақытта оны рати­фика­циялау аяқталуда. Белгісіз инфекциялық аурулар­дың, оның ішінде вирустық этио­ло­гиялық инфекциялық аурулар­дың пай­да болуы, республикадағы  мұнай-газ саласын дамыту қар­қын­дылығы, көлік шекара магистрал­дарының құрылысы таяу 5 жылда санита­рлық-эпидемиологиялық қызмет­тің алдын­да тұрған өзекті міндеттерді айқын­дайды, олар денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекет­тік бағдарламасы жоба­сында көрсетілген. Мемлекеттік бағдарлама жоба­сында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр: азаматтардың өз денсау­лығына, аурулардың алдын алуға ортақ жауапкершілігін арттыру; 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттануды және өлім-жітімді төмендетуге септігін тигізетін, балаларды пнев­мококк инфекциясына қарсы вак­ци­нация егуді жүргізу көзделген, халықты профилактикалық егудің ұлттық күнтізбелігін одан әрі жетілдіру; тамақ өнімінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зерт­ханалық бақылаудың тиімді жүйе­сін құру, халықаралық стандарт­тар­ға сәйкес республикалық референс және дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін тамақ өнімінің қауіпсіздігін бақылау бойынша (Астана қаласы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары) 3 мамандан­ды­рылған зертхана және темекі бұйымдары­ның қауіпсіздігін бақы­лау бойынша зертхана құрылатын болады; 5 аймақтық вирусологиялық зертхана және Конго-Қырым ге­мор­ра­­гиялық қызбасын (Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы), күйдіргіні, туля­ремияны, сарып ауруын (Жам­был облысы) диагностикалау бо­йын­ша мамандандырылған өңір­ара­лық зертханалар желісін ұйым­дастыру; аса қауіпті, соның ішінде адам және жануар ағзасында қайта пайда болатын инфекциялық ауру­ларын диагностикалау бойынша – Алматы қаласында орталық рефе­ренс зертхана салу. Зертхана Ден­сау­лық сақтау, Ауыл шаруашылы­ғы, Білім және ғылым министр­ліктері үшін халықаралық ғылыми зерттеу және кадрларды даярлау орталығы болады; санитарлық-эпидемио­логия­лық қызмет жұмысын жетілдіру мақ­сатында бағдарлама шеңберінде алғаш рет инновациялық жобалар енгізу жоспарлануда. Бағдарламаны іске асыру санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін серпінді дамытуға және халықтың сани­тарлық-эпиде­миологиялық сала­маттылығын қамта­ма­сыз етуге мүмкіндік беретін болады. Кеңес ОСПАНОВ, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, медицина ғылымдарының докторы.