Аймақтар • 14 Тамыз, 2024

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 114 үй салынады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап үй салу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 114 үй салынады

Фото:Видеодан алынған кадр

«Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 114 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады. Оның 14-і аудан орталығы Жымпитыда аяқталып, отбасылар қоныстойларын атап өтіп жатыр. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады», деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 775 жеке тұрғын үйдің  80-і салынып біткен.  Сондай-ақ зардап шеккен отбасыларға екінші нарықтан 1098 үй сатып алынып, 1310 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25