Оқиға • Бүгін, 17:03

Павлодарда ақшалай сыйақы алу үшін көлікті өртеген күдіктілер ұсталды

13 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция павлодарлық тұрғынның көлігін өртеген адам мен тапсырыс берушіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ақшалай сыйақы алу үшін көлікті өртеген күдіктілер ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Анықталғандай, Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеп жіберген.

Павлодар облысының криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров күдіктілердің ұсталғанын растады.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталды», деді Балғабай Қапаров.