Оқиға • Бүгін, 11:00

Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал блогер Нұрдаулет Бектұрсын кәсіпкерлермен бірігіп Париж Олимпиадасында күміс жүлде иеленген Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады

Фото:Видеодан алынған кадр

Блогер уәде еткен Zeekr автокөлігін Нұрбек Оралбайға табыстап жатқан сәтін Instagram-дағы парақшасында жариялаған. 

Айта кетейік, шамамен бұл автокөліктің құны 20 млн теңгені құрайды. 

Сонымен қатар блогер NNN Нұрбектің егізі Айбекті де сыйлықсыз қалдырмады. Олар Айбек Оралбайға 5 млн теңгелік сертификатты тарту етті.

Кәсіпкерлер келесі Олимпиада ойындарына сәттілік тілеп, алтын медаль жеңіп алуларына тілектестік білдірді.