Оқиға • 16 Тамыз, 2024

«Балкон арқылы өртеніп жатқан үйге кірген»: Бейбіт күннің батыры марапатталды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қызды өрттен аман алып қалған ер адам марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балкон арқылы өртеніп жатқан үйге кірген»: Бейбіт күннің батыры марапатталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Астанадағы Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінде жоғарғы қабаттардағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан болатын. Өрт шыққанын байқаған Алтынбек Алтаев ойланбастан балконнан жанып жатқан терезеге секіріп, баланы аман алып қалған. 

Ерлік көрсеткен Алтынбек Алтаевты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек марапаттады.

«Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездестім. Ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында болған өрттен қыз баланы құтқарып қалды. Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таңғалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!», деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.