Қылмыс • 24 Тамыз, 2024

Астаналық әйел жалған құжат жасап, колонияға кездесуге кірмек болған

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана тұрғыны қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға сотталғанға ұзақ кездесуге келіп, некеге тұру туралы жалған куәлігін ұсынған, деп жазады Egemen.kz.

Астаналық әйел жалған құжат жасап, колонияға кездесуге кірмек болған

Құжаттың түпнұсқалығы мекеме қызметкерлерінде күмән тудырды, Ақмола облысы Аршалы кентінің АХАТ қызметкерлері күмәнді растап, тіркеу журналында неке қию туралы куәлік көрсетілмегенін хабарлады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы ПД Аршалы аудандық полициясы ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша "жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Әйелге 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

- Қылмыстық атқару жүйесі қызметін реттейтін „Нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұзақ кездесулер жұбайымен (зайыбымен, жақын туыстарымен) беріледі, онда туыстық байланыстар тиісті құжаттармен расталады, – деп атап өтті Астана ҚАЖД бастығының орынбасары Ирсали Ахмедов.