Экономика • Бүгін, 18:12

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары талқыланды

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 тамызда Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы шеңберінде Қазақстанда АЭС салу жөніндегі қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары талқыланды

Фото: regnum.ru

Бүгінгі таңда барлық өңірлерде Қазақстанның азаматтық альянсы және Қоғамдық кеңестердің ұйымдастыруымен өткен Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Осы ретте, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Нұрғазиева Бану Ганиқызы: «Бейбіт атомның - әлеуеті орасан зор. Ал әлемдегі ірі уран өндіруші ел бола тұра оны игеріп, игілігін көрмеу әрине дұрыс емес. Сондықтан да біз қазір халыққа осы тұрғыда туындаған сұрақтарына нақты жауап беріп, оның маңыздылығы мен қажеттілігін, қауіпсіздігін тереңірек түсіндіруіміз қажет», деп атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанда АЭС салу мәселесінің маңыздылығы туралы «Ядролық физика институты» РМК бас директоры Саябек Сахиев және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябеков сөз сөйлеп, қоғамдық кеңес мүшелерін мазалаған сауалдарға жауап берді.

Айта кетейік, Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған. Аталған орталыққа министрліктер мен ведомстволардың, квазимемлекеттік сектордың және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қоғамдық кеңестерінің төрағалары мүшелік етеді.