Оқиға • 29 Тамыз, 2024

Есірткі контрабандасын ұйымдастырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі контрабандасын ұйымдастырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Фото: Ашық дереккөз

Анықталғандай, өткен жылдың маусым айында күдіктілер алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 келіге жуық героин мен салмағы 10 келіден асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырған.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті халықаралық іздестіруге жарияланған.

«Күдікті өткен жылдың тамыз айында Мәскеуде ұсталды, содан кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Енді күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше