Қоғам • 02 Қыркүйек, 2024

Алмасадам Сәтқалиев: АЭС салу мәселесіне қатысты ұсынысты қолдаймын

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атом энергетикасын дамыту туралы сөз қозғаған еді. Осы орайда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы бойынша ұйымдастырылатын референдумға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алмасадам Сәтқалиев: АЭС салу мәселесіне қатысты ұсынысты қолдаймын

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев

«Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өкізу туралы Жарлыққа қол қоятындығын мәлімдеді. Мұнан кейін Конституциялық заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы референдумды өткізу жөніндегі жоспар жасайды. Қазірдің өзінде өңірлерде жоғары қызығушылықты байқап отырмыз, түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Парламент депутаттары да осы мәселеге қосылып, сайлаушылармен, қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен тақырыптық кездесулер өткізеді деп ойлаймын», деді министр.

Министр референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл, сондай-ақ осы уақыт аралығы халықтың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім болғанын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізілетінін мәлімдеді.