Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024

Қазақ күресі: Финалға шыққан балуандардың есімі анықталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алғашқы жарыс күнінде қазақ күресінен спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемге шықты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақ күресі: Финалға шыққан балуандардың есімі анықталды

Фото: Qazaq күресі федерациясы

Іріктеу кезеңінде ерлер 55, 60, 66, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күш сынасса, әйелдер 48, 52, 56 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтап жатыр.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында финалда жүлдеге таласатын спортшылар: 

  • 55 кг: Б.Төлепов (Қазақстан) - К.Оболбеков (Қырғызстан);
  • 60 кг: Е.Бакшиев (Әзербайжан) - М.Берекетов (Қазақстан);
  • 66 кг: Д.Тұқышев (Қазақстан) - М.Ширинов (Өзбекстан);
  • 74 кг: Е.Хасанов (Әзербайжан) - Ж.Қожамбеков (Қазақстан).

Әйелдер:

  • 48 кг: Л.Асакеева (Қырғызстан) - А.Жылқыбаева (Қазақстан);
  • 52 кг: С.Муродова (Өзбекстан) - Н.Азаматова (Қазақстан);
  • 56 кг: А.Фатихова (Ресей) - Р.Нұрмахамметова (Қазақстан);
  • 60 кг: Б.Құсақбаева (Қазақстан) - С.Лнияни (Польша).

Бәсекенің «алтыны» үшін айқас Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Еске салайық, белдесулерді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15