Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 15:52

Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы финалда ойнайды

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы финалда ойнайды

«Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста Қазақстан «А» тобындағы Швеция және Румыния асықшыларымен ойнап, екі команданы да 3:0 көрсеткішімен жеңді. Сөйтіп, Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады.

Асықшыларымыз финалда Ресей спортшыларымен кездеседі.