Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024

Қарағандыда банк ғимаратынан 200 адам эвакуацияланды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы банк бөлімшелерінің бірінен адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға чемодан себеп болған. Мән-жай анықталғанша банктің 200 клиенті мен қызметкері эвакуацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда банк ғимаратынан  200 адам эвакуацияланды

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға бүгін, 10 қыркүйек күні сағат 16:00-де болған. «102» телефонына Қарағанды ​​қаласы Бұқар жырау даңғылы бойындағы банктердің бірінің бөлімшесіне белгісіз біреудің чемоданды тастап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

«Қарағанды ​​облысы ІІД жедел кезекшілері оқиға орнына шұғыл қызмет жіберді. Ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды», деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері чемоданды зерттеп, ішінде жарылғыш зат емес, жеке заттар болғанын анықтаған.