Салық • 11 Қыркүйек, 2024

Салық кодексі жобасынан сабақ алдық па?

93 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаңа Салық кодексін қа­былдауды келесі жылға қалдыруды ұсынды. Президенттің айтуынша, жеке табыс са­­лы­ғының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай саралау қажеттігі туындап отыр, яғни кім қанша көп табыс тапса, сонша салық төлеуі керек. Бұл тұрғыда Прези­дент жаңа Салық кодексін қайта қарап, талқылау жүргізіп барып қабылдауды ұсынды.

Салық кодексі жобасынан сабақ алдық па?

Фотоколлаж – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Торғайдан қорқып, егін екпей отыруға болмайды»

Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы, сарапшы Ғалым Бай­на­заров Ұлттық экономика ми­нистр­лігінің екінші деңгейлі банк­тердің (ЕДБ) корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін 20%-дан 25%-ға арттыру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Егер банктердің экономиканы қаржыландырудағы үлесі ойдағыдай болса, мұндай ұсыныс айтылмас еді. Біздің банктердің ұзақ уақыт бойы ресурстарға бай елдер арасында табыстылықтың ең жоғары көрсеткіштеріне ие болғаны Дүниежүзілік банктің сәуір-мамыр айындағы есебінде де айтылады. Былтыр Дүние­жүзілік банк ел үкіметі 2009-2020 жылдары банктерге көмектесуге 8,2 трлн теңге бюджет қаржысын бөлді деп мәлімдеді. Мұны Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов те растады.

вап

«Біздің банктердің шы­ғыны төмен, салығы аз, табысы көп. Біз бұл көрсеткіш жағынан әлемде ешбір елге дес бермей отырмыз. Отандық банктердің негізгі клиенттері – халық пен өзіміздің компаниялар. Шетелдік компаниялар қаржыландыруды халықаралық институттардан іздейді. Несие портфеліндегі экономикаға, өндіріске берген несие үлесі өте төмен. Банктер тұтынушылық несие есебінен табысқа кенеліп отыр. Бұл ретте кей сарапшылардың «банктердің табыс салығы көтерілсе, несие пайызы көтеріледі» деген болжамымен келіспеймін. Банктерде қосымша табыс көзінің каналдары жетеді. Мобильді ақша аударымдары үшін алынатын комиссиялар – сомасына қарай 150-1 500 теңге. Есепшот арқылы аударымдар комиссиясы 0,2% бен 0,95%-ға дейін құбылып тұрады. Халықаралық аударымдар сомасы – аударатын сомасына қатысты тұрақты түрде ­2 доллар немесе 10 мың доллар. Бірақ соған қарамастан елдегі 21 банктің салығы 600 млрд теңгеден сәл ғана асатыны өткен жылы айтылды. Ұлттық экономика министрлігінің олардың ҚТС салығын 25%-ға көтеру керек деген шешіміне осы фактор себеп болса керек», дейді.

Сарапшының айтуын­ша, ішкі нарықта теңге дип­ломатиясының мүм­кін­дігін пайдаланатын кез енді келді.

«Бұл – ұзаққа созылатын үдеріс. Мұны банктердің құ­рыл­­­тайшылары мен Үкімет арасындағы дипломатиялық майдан деуге болады. Шыны керек, банк құрылтайшылары да осал емес. Олардың арасында Үкіметтің кез келген шешімімен жүре сөй­лесетіндер жетеді. Банктерді заңға мойын­сұндыруға мәж­бүрлейтін заң тетігі осыдан басталады. Біз банк туралы заң қабылдаумен банк­тердің мәселесін шеше алмаймыз. Қаржы сегментінде халықтан жасырып, бүгіп қала­тын қал­та­рыстар болмауы керек. Ал банктердің ҚТС салы­ғын кө­тер­сек, несие пайызы көте­рі­ліп кетеді деген қорқынышы тор­ғайдан қорқып, бидай екпеумен бірдей. ҚТС-тың кез келген дең­гейі банктердің табы­сына кері әсер ете алмайды. Қаржы сегментінің түтіні түзу болса, нарық пен банктің бір-біріне деген көз­қа­расы түзеледі. Мемлекет бас­шы­сының бұл ұстанымы түсінікті тілмен айтқанда, «банк­тер саған айтамын, қазақ бизнесі, сен де түзел» дегенге көбірек ұқсайды», дейді Ғ. Байназаров.

 

Тиімсіз салық жеңілдіктерін жою маңызды

«Halyk Finance» басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың айтуынша, реформаны бастау үшін проблемаларды зерттеу керек.

про

«Жаңа Салық кодексіне биліктің де, бизнестің де оң қабақ танытпауына үстірт дайындалуы себеп болып отыр. Салық кодексінде Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларына сілтеме жасалған, бірақ бұл да салық реформасының түпкілікті мақсаттарын түсін­діріп бере алмаған. Салық және бюджет жүйесінде дағдарыстың себеп-салдары туралы мәселе назардан тыс қалып отыр. ІЖӨ-дегі шикі­заттық емес салықтық түсім­дер үлесі –
Экономикалық ынты­мақ­тас­тық пен даму ұйы­мы елдерінің орташа көр­сет­кіші­мен салыстырғанда айтар­лық­тай төмендігі де күрделі мәселе. Ұлттық экономика министр­лігінің мәліметінше, жаңа Салық кодексіндегі бар­лық жаңашылдық нәтиже­сінде мем­лекеттік бюджетке салық түсімі жыл сайын 1,4 трлн теңгені құрайды деген мәліметінде негіз жоқ. Се­бе­бі салық түсімін ­1 трлн теңгеге қалай арттыруға бола­тыны туралы нақты түсі­нік­­теме берілмеген», дейді ол.

Қаржыгердің айтуынша, Ұлттық қор мен мұнай долларына байланып қал­ғанымыз дағдарысқа себеп бол­ғанын мойындай алмай отырмыз.

«Бұл – кешенің немесе бүгін­нің емес, кейінгі 30 жыл­дағы эко­но­микалық сая­сатымыздың қа­те­лігі. Оны әртараптандыра алма­ғанымыздың кері салдары. 2023 жылы республика­лық бюджет шығыстарының 55%-ы шикізаттық емес са­лық және бюджеттің басқа да түсімдерінен, 45%-ы мұ­най кірістері есебінен қар­жы­ландырылды. Мұнай бағасы жоғары болған кезде Ұлттық қорға деген тәуел­ділігіміз төмендеп, қордың жинақ­таушы функциясы толық күшінде жұмыс істеуі керек еді. Бірақ іс жүзінде олай болмады. 2000 жылдың басында мұнай өндіру көлемі қарқынды өсті. 2005 жылдан бастап мұнай бағасы көтеріле бастады. 2000-2007 жылдар аралығында ІЖӨ-нің орташа өсімі жылына 10%-дан жоғары болды. Бұл бюджет кірісінің өсуіне өте оң әсер етті. Меніңше, жеке салық мөлшерлемелерін 2006 жылға дейінгі деңгейге қайтару керек, өйткені олар ел экономикасының қар­қынды өсуіне кедергі кел­тірмеді және мемлекеттік бюд­жеттің ұзақмерзімді тұрақ­тылығын қолдады. 2023 жылы Үкіметтің қосымша құн салығы мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді (2006 жылғы деңгейге қайтару) және жеке табыс салығы­ның про­грессивті шкаласын қайта енгізу туралы идеясын да қол­­дадық, сонымен бірге бұл ше­шімді қабылдамас бұ­рын біраз мәселелерді ­ше­шіп алуды ұсындық», дейді ­Темір­ха­нов.

Сарапшы салық көтеру алдында орындалуға тиіс бірінші шарт – бюджет шы­ғыс­тарының тиімділігін арттыратын, бюджет тапшы­лы­ғын азайтатын, бар­лық мемлекеттік шығын­­ды парламент алдында, демек бүкіл қоғам алдында есеп бере­тін түбегейлі бюджет ре­фор­масын жүргізу деген ой ­айтады.

«Салық мөлшерлемелерін көтермес бұрын орындалуға тиіс тағы бір негізгі шарт – тиім­сіз салық жеңілдіктерін толы­ғы­мен жою. Бұл мін­деттер орын­дал­майынша, халықаралық ұйым­дар­дың талабы алдымыздан шыға береді», дейді сарапшы.

 

Олигархтар 5 жылда 8 трлн теңге дивиденд алған

Премьер-министрдің орын­­­­­ба­сары – Ұлттық эко­но­­мика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, жаңа Салық кодексі «бизнес пен инвес­ти­ция­ны ынталандыруға, эко­но­­­­микалық өсуді қам­та­ма­сыз етуге және өнді­ріс­ті арттыруға тиіс». Са­лық же­ңіл­­діктерінің тиім­ділігін арт­тыруға кодекс жобасында тиімсіз салық жеңілдіктерінің бір бөлігі алынып тасталады, сондай-ақ барлық берілген жеңілдік салық есептілігінде көрсетіледі.

Мәжіліс депутаттарының жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісіп кеткенін, Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа қабылдағанын 4 қыркүйек күні білдік. Депутат Ерлан Саировтың сөзінше, бес жылдың ішінде отандық тау-кен өндірісінде олигархтар 8,5 трлн теңге дивиденд алған. Мұндай көрініс банк секторында да байқалды. Бұл – ел бюджетінің үштен бірі. Демек олигархтардың қалтасын қам­пайтуға мүмкіндік беріп келген жеңілдіктерді қайта қарайтын кез жетті.

ен

Саясаттанушы Ғазиз Әбі­шев жаңа Салық кодексін әзірлеудің кейінге шеге­рілуі­не бизнес өкілдері мен шенеу­ніктер арасындағы келіс­пеу­шілік себеп деп есептейді.

«Бұл құжатқа кейінгі 5-6 жыл ішінде 55 рет өзгеріс енгізілген. Мүдделі топтар бұл құжатқа кез кел­ген­ иірімнен пайданы суы­рып алуға мүмкіндік бере­тін баптарды елеусіз ғана тық­па­лап жіберген. Ал кәсіп­­­кер­лер экономикалық өсуді қам­­тамасыз ете алатын не­ғұрлым либералды жобаларды ұсынған еді. Басқаша айтқанда, оң қолдың бастағысы келетін жобаларын сол қол қолдамайды немесе керісінше. Бізге екі тараптың арасында үйлесімділік керек. Мен Кодекстің жаңа, өзгертілген редакциясынан бизнес климатты сауықтыратын оң өзгерістер күтемін», дейді ­сарапшы.

Саясаттанушының ай­туын­ша, құжатты қабылдауды кейінге қал­дыр­масақ, алдағы бес­­жыл­­дық­тарда экономикамен емес, асы­ғыс қабылданған шешім­дер­дің сал­да­рымен күресуге тура келеді.

 

Дайындаған –

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ,

«Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ