Әлем • 11 Қыркүйек, 2024

АҚШ-та масадан қауіпті вирус тарап жатыр

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Вермонт және Массачусетс штаттарында Денсаулық сақтау департаменті тұрғындарға жұқпалы вирустың таралуына байланысты кешкі сағат 6-дан кейін үйден шықпауға кеңес берді. Сирек кездесетін, қатерлі вирус маса арқылы таралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

АҚШ-та масадан қауіпті вирус тарап жатыр

фото prousa.info

Қауіпті инфекция «Шығыс жылқы энцефаломиелиті (VEL) деп аталады. Бұл аурумен негізінен жылқылар ауырады. Адамға маса арқылы жұғады. Адам ағзасына түскен кезде мидың ісінуін тудырады, 30 пайыз жағдайда өлімге алып келуі мүмкін.

Дәрігерлер 14 қаладан VEL тасымалдайтын масалардың 47 тобын тапқан. АҚШ та орташа есеппен бұл аурумен жылына 11 адам ауырады. 2023 жылы Нью-Гемпшир штатында вирус жұқтырған ер адамды дәрігерлер құтқарып қала алмаған.

Аталған штаттарда қоғамдық іс шаралар кейінге шегерілді.