Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024

Ұлытауда үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау ауданындағы Сәтбаев қаласының маңындағы жол апатынан бір адам көз жұмды. Оқиғаға куә болғандар той кортежіндегі көліктердің бірі апатқа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытауда үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: Tengrinews.kz

Жол апаты Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының арасындағы тас жолда болған. Бейнежазба авторы марқұмның іс-шараға  жалданған мобилограф болғанын алға тартқан.

Облыстық полицейлер тас жол бойындағы жанар-жағармай құю бекетінен шыға берісте үш көлік жол апатына ұшырағанын хабарлады. 

«14 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында KIA Sportage, Toyota Land Cruiser 200 және Skoda Yeti көліктері жол апатына ұшырады. Оқиға Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының арасындағы жолда болды. Апат салдарынан бір жолаушы қаза тапты. Оқиға орнынан бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», делінген облыстық полицияның хабарламасында.