Оқиға • 17 Қыркүйек, 2024

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 117 млн теңге ұрлаған

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 117 млн теңге ұрлаған

Фото: gov.kz

Тексеріс нәтижесінде, Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталған.

Аталған оқиғаны облыс прокуратурасы жан-жақты зерттеп, тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде ҚР ҚК 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігі (жымқыру) бойынша қызлмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған.

«Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған. Ал бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.