Оқиға • 17 Қыркүйек, 2024

Науқас балалардың суретін пайдаланып, заңсыз ақша тапқан алаяқ ұсталды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында әлеуметтік желіде науқас балалардың суретін жариялап, халықты алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Науқас балалардың суретін пайдаланып, заңсыз ақша тапқан алаяқ ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шымкент қаласының тұрғыны Талғар ауданынан келген балалардың емделуіне қаражат жинауға көмектесемін деген желеумен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашып, табыс тапқан.

«Күдікті онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырған. Жалған есеп шотқа 6 000-ға жуық ақша аударымы жасалып, жалпы келтірілген залал 32 миллион теңгеден асты», деп хабарлады полиция.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған. Сонымен қатар оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.