Оқиға • 19 Қыркүйек, 2024

Полицейлер алаяқтық жасаған қылмыскерлерді ұстады

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген алаяқтарды қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер алаяқтық жасаған қылмыскерлерді ұстады

Фото: Ашық дереккөз

Анықталғандай, қылмыскерлердің жәбірленушілерге келтірілген шығын мөлшері 650 млн теңгеден асқан.

«Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам ұсталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы отандасымыз ұсталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан», деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Айта кетейік, жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1 360 қылмыскер қолға түсіп, 1 000-нан астам хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталған.