Білім • 24 Қыркүйек, 2024

Америкадағы тағылымдама

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында Американың Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Америкадағы тағылымдама

Академиялық жазу, жоғары білім беру трансформация­сы және педагогикалық инно­ва­ция­лар бойынша курстардан өтіп жатқан филология фа­­куль­теті орыс тілі мен әде­­биеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ф.Ержано­ва, қауымдастырылған профессор, PhD С.Серікова, аға оқы­тушы, PhD Г.Жандыкеева, магистр А.Омарованың айтуын­ша, тағылымдама оқыту дағ­ды­сындағы өзгешеліктерді ғана емес, цифрландыру туралы кеңі­нен мағлұмат алуға, білім сапасын жақсартуға ықпал етеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамыту мақсатында заманауи технологияларды игеру, білім саласындағы халықаралық озық тәжірибелерді меңгеру міндеті тұр. Тағылымдама кәсіби құ­зы­реттілікті нығайтумен қатар ғылыми байланысты дамытуға берілген зор мүмкіндік», дейді оқытушылар.

Университет оқытушылары төрт ай бойы ағылшын тілі курс­тарына, «English Speaking Club»-қа қатысты. Білімін жетіл­дірумен бірге Америка елінің мәдениетімен, тарихымен таныс­ты. Олар Иллинойс штатындағы тарихи орындар, соның ішінде АҚШ-тың 16-президенті Авраам Лин­кольннің туған қаласы Спринг­филдке келген­дегі әсері­мен бөлісті. Мұ­нымен қоса Қа­зақ­станның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашық­баевпен, «Бола­шақ» бағ­дарламасының өкілі Рус­­лан Сәкеевпен кездесіп, ын­ты­­мақ­тастық пен тәжірибе ал­ма­су барысын талқылады.

Шетелдік университет  пен ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату еліміздегі жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттырып, осы саладағы өз тәжірибемізді де кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

 

АЛМАТЫ