Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2024

Алматының мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Еркінбек Әмірғалиев қалалық мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Еркінбек Әмірғалиев 1981 жылы 4 ақпанда дүниеге келген.

2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еркінбек Әмірғалиевтың еңбек жолы 2004 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының сот отырысы хатшысының м.а. лауазымынан бастаған. Кейінгі жылдары Әділет министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы сотында бірқатар негізгі лауазымдарды атқарған.

Соңғы жылдары Еркінбек Әмірғалиев Алматы қалалық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы болған.

Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше