15 Маусым, 2015

Алматының Абай даңғылымен жүру 18 километрге жылдамдады (фото)

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15.06.2015-Abai StritАЛМАТЫ. 15 маусым. Бүгіннен бастап Бауыржан Момышұлы мен Достық даңғылдарының арасын жалғайтын Абай даңғылында қоғамдық көліктер жаңа талапқа сай қозғала бастады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бұған дейін Абай даңғылымен жүріп тұратын 20 автобустың саны 9-ға, 7 троллейбустың саны 4-ке дейін қысқартылды. Көлік қатынасы осылайша оңтайландырылды. Арнайы мониторинг жасап отырған мамандар жолда жүрудің жаңа тәртібіне сай Абай даңғылымен жүретін қоғамдық көліктерге сағатына 18 километр жылдамдықтың қосылғанын айтады. Алдаға уақытта Абай даңғылындағыдай автобустарға арналған арнайы сызықты жолдар «Орбита» ықшам ауданында, Жандосов көшесі мен Тимирязев және Сейфуллин көшелерінде ашылатын болады. Ал бүгіннен бастап Абай даңғылында белгіленген жол тәртібін бұзғандарға айыппұл сала бастады. Талғат Сүйінбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: motor.kz. 15.06.2015-Abai Strit 1 15.06.2015-Abai Strit 2