Жәдігер • 03 Қазан, 2024

Ғұн әшекейлерінің ерекше техникасы

150 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ғұндардың Еуропаға келуі бірнеше көркемдік стильдер­дің пайда болуы мен гүлденуін тудырды. Олардың ішінде ғұндармен ең жарқын, ең тығыз байланысты – ­полихромды стиль.

Ғұн әшекейлерінің ерекше техникасы

Полихром стилі – алтын мен сердолик және қызыл түсті қымбат бағалы тастарды қолдану. Көбінесе зергерлік бұйымдардың негізі қола пластинадан жасалған, жұқа алтын немесе алтын фольгамен көмкерілген. Нәтижесінде, алтын фон дәнекерленген ұялар­дағы қызыл түсті тастармен безен­дірілген. Әр тас жұқа алтын жо­лақпен оралған. Дәнекерленген ұяшық­тарға орналастырылған қызыл түсті тастар мен гауһар әше­­кей­лер ең алдымен ғұндарға тән. Ғұн әшекейлері – диадемалар, колттар, кулондар осылай безен­дірілген. Ғұн дәуіріндегі поли­хром­дық стильдің бір тармағы «клуазоне» деп аталды. Клуазоне – бұл сәндік мүмкіндіктеріне байланысты кеңінен таралған эмальды әшекейдің ең көне әдісі. Сонымен қатар бұл механикаландыруға жауап бермейтін еңбекті қажет ететін және күрделі техника. Өнім­нің алдыңғы беті жиекпен жиектелген, ал өрістің өзі бірдей алтын жиектермен – бөлімдермен бөлінген. Рубин және қызыл түсті тастар, әдетте плас­тиналар бетіне орналас­тырылды. Құнын арзандату үшін зергерлер рубин, сердолик тастарды жұқа етіп жасап, тастар түбінің арасындағы аралықты гипс немесе цемент негізіндегі қоспалар толтырды. Тастар «алтын түсін» жоғалтып, «сөнбеуі» үшін олардың астына алтын фольганы жұқалатып ою-өрнекпен салған.

ав

Әдістер жетіле келе ғұн дәуі­рінде полихром стильдің неғұр­лым күрделі түрі «толқынды клуазон» (дрожащий клуазон) пайда болды. Бұл стиль тастар арасындағы алтын, күміс металдар толқын контурлар сияқты жасалып, тастар толқындар пішіні бойына орналастырылады. Ғұн даласында бұл техникада жасалған заттар сирек кездеседі. Бірақ бүкіл Еуропада клуазон стиліндегі заттар өте танымал болған. Клуазоне, әсіресе  «толқынды клуазон», Меровингтер әулетінің алғашқы франк патшалары арасында өте танымал болды. Король Хильдериктің Турнадағы қабірінен табылған бірқатар заттар осы стильде жасалған. Осы әдістер негізінде ғұндарда зергерлік бұйымдарының жарқын және ерекше кешені қалыптасты. Оның негізі диадемалар, колттар және кулондар болды. Рас, бұл өнімдер өте сирек кездеседі. Оның ішінде диадемалар кездейсоқ олжалар және әлем бойынша жалпы саны жиырмадан сәл асады, колттар – онға жуық, кулондар – одан да аз. Мұндай олжалардың аз болуының бір себебі толық жиынтықты әше­кейлерді бай және асыл текті әйел­­дер ғана пайдаланғанын көр­сетеді. Диадемалар немесе маң­дай әшекейлері әдетте ені бірнеше сан­ти­метр болатын тікбұрышты тақ­тай­шаға ұқсайды. Әдетте, қола негізді алтын фольгамен қап­тал­ған және әшекейленген, көбі­несе бірнеше қатарда, асыл тас­тар­дан, негізінен қызыл түсті тас­тара­­дан жасалған. Пластинаның шет­­терінде оны тоқылған немесе был­ғары негізге тігуге арналған тесіктер болды. Пластинаның жоғарғы жиегінде бір немесе тұтас «саңырауқұлақ тәрізді» шығыңқы жерлері бар бірнеше ерекше сәнді үлгілер белгілі.

Ғұн кулондары ерекше, пішіні мен өндіріс техникасы жағынан күрделі. Олардың жоғарғы бөлігі қабыршаққа ұқсайды, сыртқы жие­гінде ол колталар сияқты сим­­­вол­дық сәулелермен немесе пи­ра­­­мидаларымен безендірілген. Сонымен қатар тікбұрышты пішін­дер ғұндық полихром стилінде осы «қабыршақтарға» төменнен бекі­тіл­ген. Археологтер арасында бұл бұйымдар, яғни кулондар ретін­де пайдаланылды ма, әлде шеке­лік әшекей нұсқасы ма деген пікір­таластар болды. Бірақ Қырымдағы «Марфа» қорымында асылтекті ғұн әйелінің барлық негізгі әшекей жиынтығы табылғандықтан, оның ішінде диадема, колттар мен кулондар – зергерлік бұйымдардың әр түрі өз рөлін атқарды және олар бір-бірін толықтырды деп қоры­тын­ды­лау орынды. Мүмкін, бұл кулон­дар – мойын әшекейі грив­на­ның төменгі бөлігі де бола тұрып, олардың негізі сақталмауы мүмкін.

Қызыл түсті және сердолик тас­тар басқа кез келген зергерлік бұ­йым­дардың алтын өрісі көбі­несе әртүрлі комбинацияда орналасқан дәне­кер­ленген үшбұрыштарымен безен­діріліп, әшекейлердің алтын фонын одан да көркем етті. Кейде археологтер ғұндардың әйел әше­кейлері құрамында мүлдем анық емес, «айдаһарлар» және әр­түрлі салпыншағы бар дөң­ге­лек әше­кейлер тапқан. Бірақ оларды қа­­лай қолданғаны мүлдем бей­мә­лім, бұл өз кезегінде тарих­тағы ғұн әйел­дерінің құпиясы болып қала бере­ді. Ғұн әйелдерінің зер­гер­­­лік бұ­йымдары, барлық өзін­дік ерек­ше­­­ліктеріне қара­мас­тан, сар­мат­тық­­­тармен кейбір ұқсас­тық­тарға ие. Егер біз ғұндардың жерлеу орында­рын­­да сарматтарға тән айналар та­­­­был­­ғанын еске түсіретін болсақ, онда ғұндар көбінесе сармат тамыры бар әйелдеріне үйленген деп ойлау орын­­ды. Костюмді безендіретін зер­гер­­лік бұйымдар өздерінің ерекше маз­­­мұнын көрсетеді, кейбір заттар мы­­салы, иесінің әл-ауқатын, қор­ғай­­­­тын тұмарлар діни идеяларды бей­­­нелейді, ал басқаларын биліктің ны­­­шаны ретінде де қарастыруға бо­ла­ды.

Ежелгі халықтардың өмірі мен идеологиясын бейнелейтін әртүрлі археологиялық орынның ішін­де алтын және күміс зергер­лік бұйымдар – алыс өткендегі зергерлік бұйымдардың үлгілері үлкен қызы­ғушылық тудырады. Олардың көпшілігі пішін әсем­­­дігі мен ою-өрнектің әр алуандығы, күрделі орындау техникасымен үйлесетін жоғары көркем шығармалар.

 

Дилорам Тауасарова,

«Ұлы дала елі» орталығы қызметкері