Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Референдумда еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады - Ерлан Қарин

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумда еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады - Ерлан Қарин

Фото: Ерлан ОМАР

Ерлан Қарин елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.

«АЭС салу мәселесі ел болашағы үшін өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Бұл мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып жатқанын білдіреді», деді Ерлан Қарин БАҚ өкілдеріне. 

Мр