Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам - Социалистік Еңбек ардагері

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам - Социалистік Еңбек ардагері

Күләш Айтжанова - бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Өңірімізде өтетін әр маңызды іс-шарада белсенді болып, атсалысып отырады.

«Бүгін мен елімнің болашағы үшін өз үлесімді қосқалы отырмын. Әр адам дауыс беруге белсенді қатысуы керек. Себебі біз жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек. Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам», деді Күләш апа.

Күләш Айтжанова - 2010 жылдан бастап, «Айтжанова» шаруа қожалығының төрағасы, ол 1971 жылғы 8 сәуірде КСРО Жоғары кеңесі Президиумының Жарлығымен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы ерекше жетістектері үшін «Социалистік Еңбек Ері» және «Алтын жұлдыз» орденімен, Ленин Орденімен, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарімен марапатталған. Сонымен қатар «Панфилов ауданының Құрметті Азаматы» атағының иегері.