Фото: abaidan.kz
Референдумға биылғы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпазы Дидар Түқышев қатысты. Ұлттық спорт саласының өкілі бұл қадам ол үшін жай ғана парыз емес, азаматтық ұстанымын білдіру мүмкіндігі екенін тілге тиек етті. Осылайша, Дидар Түқышев спорт алаңында жетістікке жетіп қана қоймай, елдің болашағына үлес қосты.
«Әрқайсымыздың дауыс беру құқығымыз бар, бүгінде бұл құқық өте маңызды. Мен өз таңдауымды жасап, еліміздің болашағына үлес қосу үшін келдім. Спорт пен саясат бір тиынның екі жағы, қоғамға белсенді араласу - біздің міндетіміз», деді ол.