Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

100 жастағы «Алтын алқа» иегері үйден дауыс берді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

100 жастағы «Алтын алқа» алқа иегері Қадиша Бекназарова референдумға қатысып, үйден шықпай-ақ дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

100 жастағы «Алтын алқа» иегері үйден дауыс берді

1 қаңтарда кейуана өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтті. Әжейдің сегіз баласы, 19 немересі, 40 шөбересі және екі шөпшегі бар.

Шал ақын ауданында дүниеге келген Қадиша апай өмір бойы сонда өмір сүрген. Соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, кейін өмірін отбасына және бала тәрбиесіне арнаған. Ал Бескөл ауылына төрт жыл бұрын көшіп келген.