Фото: instagram.сom| policeaktobe
Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Облыстық Полиция департаменті оқушы қызды қорлағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Тәртіп бұзушылыққа қатысы бар қыздардың жеке-басы анықталып, тергеу амалдары басталып кеткен.
«Тәртіп бұзған қыз балалар мектепішілік есепке алынып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.