Әлем • 11 Қазан, 2024

Түркия Орталық Азияны «Түркістан» деп атауды ұйғарды

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркияның Ұлттық білім министрлігі тарих пәніне түбегейлі өзгерістер енгізілгенін, енді «Орталық Азия» терминінің орнына «Түркістан» атауы қолданылатынын хабарлады. Білім саласындағы сарапшылар мұндай қадам болашақ ұрпақтың түркілік рухты, отаншылдықты сезініп тәрбиеленуіне бағытталғанын мәлімдеді.

Түркия Орталық Азияны «Түркістан» деп атауды ұйғарды

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердо­ған «Түрік ғасы­ры» бағ­дарламасы аясында түркі әле­мінің береке-бірлігін, жасампаздығын, меймандостығын айқындай отырып, «Түркі дәуірін» жалғастыруға ниетті екенін жариялады.

«Түркия Республикасы ретінде біз бүкіл Түркі әлемінің бейбітшілігіне, өркендеуіне әрі қауіпсіздігіне қадам жасау­ды жалғастырамыз. Біз «Тү­рік ғасыры» туралы көз­қа­ра­сымызды Түркі Мемлекет­те­рінің Ұйымында кеңейте оты­рып, алдағы кезеңді түркі дәуі­ріне айналдыру үшін иық тіресе жұмыс істейміз», деді ол.

ап

Түрік тарихшылары Ахмет Ташағыл мен Рамин Садык  «TRT Haber» арнасына берген сұх­батында «Түркістан» ұғы­­мының тарихи мәнін түсін­діріп берді.

«Түркілердің отаны деген мағы­наны білдіретін «Түркістан» сөзі тарих­тың ал­­ғаш­қы кезеңдерінен бері қол­данылып келеді. XIX-ғасыр­дың екін­ші жартысындағы шап­қын­шы­лықтан соң Түркістан атауы Орталық Азия ұғымы­мен алмас­тырылып, кеңінен қолданыла бас­тады», деді А.Ташағыл.

Ал Рамин Садык Түркістан тұжы­рымдамасы жөніндегі көз­қарас­ты Ұлттық білім ми­нистр­­лігінің оқу­лықтарға ен­гізуі өте дұрыс шешім екенін атап өтті.

«Түркия да, Түркістан да негізінен түркілер тұратын ай­мақты білдіреді. Біз та­ри­хы­­мызға, мәдениетімізге, өткені­мізге қамқорлық жасауымыз керек», деді
та­рих­­­шы.

Рамин Садык түркі әлемі үшін ортақ тарих, география, әде­биет, карталар мен әліп­би­ді құру жөніндегі бел­сенді жұ­мыс аясында Ұлт­тық білім ми­нистрлігінің «Түркістан» тер­минін оқулық­тарға енгізуі елеу­лі өзгеріс екенін алға тартты. Оның ай­туынша, бұл трансформация – тек Түркияға  ғана емес, бүкіл түркі әлеміне, сондай-ақ түркі мем­лекет­терінің әріптес елдеріне ма­ңыз­ды бастама және құнды үлес.

Осылайша, Түркияның Ұлттық білім министрлігі Ұлы Түркістанның тарихи даңқын қай­таруға зор қадам жасап отыр.