Ауа райы • Бүгін, 10:47

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

Фото: «ҚазАвтоЖол»

Ертең, 12 қазанда Астана қаласында және Қостанай, Ақмола, Павлодар аймақтарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Хабарламада: «Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз»,  делінген.