Фото: Ведомство. Телеграм
Министрліктің «Қазсушар» кәсіпорнында 67 сушылар әулеті жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі - 25 әулет Қ.Сәтпаев атындағы каналда еңбек етеді. Жамбыл облыстық филиалда - 19, Түркістан облыстық филиалда - 8, Жетісу облысында - 6, Қызылордада – 3, Ақтөбе облысында - 2 сушылар әулеті бар. Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында сушылардың 1 әулетінен бар.
Ең көп сушы шыққан әулет - Шамшиевтер әулеті. Ақмола облыстық филиалда бір отбасыдан 7 маман жұмыс істеген. Бүгінде аталары бастаған қызметті немерелері жалғастырған.
Тасқын кезінде көзге түсіп, Мемлекет басшысынан марапат алған Ш.Әбдиев те сушылар әулетінің негізін салушы. Бүгінде оның інісі мен келіні, баласы Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалының учаскелерінде жұмыс істейді.
«Біз еліміздің су шаруашылығында қызмет етіп жүрген әулеттерді мақтан тұтамыз және олардың еңбегін жоғары бағалаймыз. Әкеден балаға, атадан немересіне жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығы білім мен тәжірибе алмасу үшін де өте маңызды», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.