Білім • 14 Қазан, 2024

Балалардың жеке даму картасы цифрландырылады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа ауысатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Балалардың жеке даму картасы цифрландырылады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Биыл мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы автоматтандырылды. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және мектепте оқуды сәтті бастау үшін дайындауға мүмкіндік береді.

«Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген. Оның ішінде типтік оқу бағдарламасын игеру барысында қалыптасатын физикалық жағдай, коммуникативті, танымдық, интеллектуалды, шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік-эмоционалды дағдылар бар. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте табысты бейімделуіне ықпал етеді», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.

Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, ұлттық білім беру дерекқорымен интеграцияланған. Бұл ақпаратты мектептерге жолдап, мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.