Алматы • 15 Қазан, 2024

Алматыда 157 еңбек мигранты заң бұзған

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде осы айдың 14-і күні басталған «Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы 18 қазанға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда 157 еңбек мигранты заң бұзған

Фото: Polisia.kz

Аталған шара – заңсыз көші-қон арналарын анықтауды және онымен байланысты басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесуді көздейтіні мәлім.

Алматы полицейлері «Заңсыз келуші» іс-шарасының алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 214 адамды анықтаған, оның ішінде 157-сі шетелдіктер.

«Сонымен қатар сот шешімін орындамай, елден шықпаған 8 шетелдік те анықталды», деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.