Оқиға • 17 Қазан, 2024

«Рөлде жасөспірім»: Көлік иесі айыппұл төледі

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәмелетке толмаған ұлына көлік тізгіндеткен қызылордалыққа айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz

«Рөлде жасөспірім»: Көлік иесі айыппұл төледі

Фото: Polisia.kz

Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде полицейлер түнгі рейд кезінде көлік тізгінінде жасөспірімнің отырғандығын анықтаған.

Тексеру барысында анықталғандай анасы ұлына көлік жүргізуге өзі рұқсат еткен. Құжаттары жоқ және басқару құқығынсыз көлік басқарғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделсе, көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.