Экспедиция мақсаты Қазақстанның туристік өңірлерінің әлеуетін ең үздік отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің фотоаппараттары мен видеокамераларының обьективі арқылы паш етіп, ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін беруді көздейді. Соған орай, команда мүшелері еліміздің Түркістан, Алматы, сондай-ақ шығыс пен батыс өңірлерінде болып, байтақ Отанымыздың алуан айшықты тұмса табиғатымен танысқан.
National Geographic Qazaqsan редакциясы осы сапарлар барысында түсірілген 2500-ден астам фотосуреттің ішінен Honor 200 pro телефонымен айшықталған ең үздік 15 суретті іріктеп, көрмеде ұсынып отыр.
Ұланғайыр жеріміздің тамаша табиғатының ғажайыптарын көрсететін көрме 18 қазаннан 7 қарашаға дейін жалғасады.
Байланыс телефондары: +7 7078282636, Нұрсұлтан