Аktobetimes.kz
Аktobetimes.kz дерегінше, күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
«Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған, 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.