Қоғам • 24 Қазан, 2024

Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл қашан салынады?

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдарда әр көліктің орташа жылдамдығын өлшейтін арнайы жүйе орнатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл қашан салынады?

- Қазір біздің камераларды Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесіне қосып орнату жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасына қарай бұл интеграцияны аяқтаймыз деп ойлаймын. Осыдан кейін ереже бұзу деректерін есепке алу басталады, – деді Көлік министрі Марат Қарабаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына орай.

Министр бұл камералар жол ережесін өрескен бұзатын адамдарды анықтау мақсатында қойылып жатқанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, "Астана-Бурабай" жолында сағатына 140 км жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда, осы жолда сағатына 200 км-ден жоғары жылдамдықпен жүріп өткендердің бар екені анықталған.

Сонымен қатар М. Қарабаев қала ішіндегі жолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын жүйе орнатылмайтынын атап өтті.