Президент • 24 Қазан, 2024

Президенттің БРИКС-те жасайтын баяндамасы тікелей эфирде көрсетіледі

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммитінде жасайтын баяндамасы тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президенттің БРИКС-те жасайтын баяндамасы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Ақорда

23 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барған еді. 

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйлейді. Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі», делінген Ақорда хабарламасында.