Алматы • 28 Қазан, 2024

Алматыда 45 мың бейнекамера бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне қосылған

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен әкімдіктің жобалық кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 45 мың бейнекамера бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне қосылған

Фотолар: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» (ББЖ) жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды бірнеше мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Бейне талдау – түтінді, отты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, бет әлпетті тану, т.б. негізінде қалыптасады.

603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне» 45 мың бейнекамера қосылған.