Медицина • 28 Қазан, 2024

Қайтыс болған донордың ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордың ағза мүшелері төрт пациентке сәтті трансплантацияланды, деп жазады Egemen.kz.

Қайтыс болған донордың ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалды

Фото: gurk.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 39 жастағы донордың миы жұмысын тоқтатқаннан кейін туыстары келісіп, ағзалары төрт адамға берілген.   Донордың жүрек, өкпе және екі бүйрегі мұқтаж науқастарға берілген. 

Мәселен, 1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантацияланған.

Осылайша донор төрт азаматтың өмірін сақтап қалуға сеп болды.

«Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және «University Medical Center» КҚ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында «екінші өмірге» мүмкіндік алды», делінген министрлік хабарламасында.