Медицина • 31 Қазан, 2024

Балқашта жедел жәрдем жаңа ғимаратқа ие болды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

80 мың тұрғыны бар Балқаш өңірінде жедел медициналық жәрдем кіші станциясы 30 жылда алғаш рет жаңа жабдықталған ғимаратқа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балқашта жедел жәрдем жаңа ғимаратқа ие болды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа нысан 30 мың шақырымға дейін қызмет көрсететін алты бригадаға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданаралық ауруханаға 25 жас маман, оның ішінде анестезиологтар, травматологтар және жалпы практика дәрігерлері тартылды. Биыл медицина қызметкерлерінің отбасыларына 130 пәтер берілді, ал көтерме төлем сомасы 1,5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

БАЛҚАШТА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Сондай-ақ Балқаш көпбейінді ауруханасы емханасының базасында заманауи диагностикалық жабдықтармен жарақталған алғашқы үздік практикалар орталығы ашылды. Мұнда кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек ұсынылады, сондай-ақ «Халық кеңесі» қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді.

«Орталықта медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызметтердің симбиозы қамтамасыз етіледі - бұл отбасылық медицина қағидаты. Мультидисциплиналық команда аурулардың себептерін анықтай отырып, әр отбасымен айналысады», деп атап өтті Балқаш көпбейінді ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков.