Аймақтар • 04 Қараша, 2024

Абай облысында орташа жалақы 340 мың теңге

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өскені байқалған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында орташа жалақы 340 мың теңге

Фото: Ерлан Омар

Әкімнің айтуынша, облыстың қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 105,3 пайызды құраған.

«Ең көп өсім құрылыста 131,6 пайызға, өнеркәсіпте 102,6 пайызға, ішкі саудада 110,5 пайызға, ауыл шаруашылығында 106,4 пайызға, инвестицияда 100,5 пайызға өсті», деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыста 117,4% өсіммен 237,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Ал, орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340,2 мың теңгені құраған.

«2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша 294,9 млрд теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 2 есе өсіммен 197,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке – 126,5 өсу қарқынымен 97,8 млрд теңге кіріс кірді», деп хабарлады облыс әкімі.